ЖАТАҚХАНА ЖИНАЛЫСЫ
Құлан агротехникалық жоғары колледжінің жатақханасында колледж әкімшілігі, жатақхана меңгерушісі, педагог-ұйымдастырушы, жатақхана тәрбиешілерінің және жатақхана студенттерінің қатысуымен жиналыс өтті. Жиналыста студенттердің жатақхананың ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері қаралды: студенттердің тәртібі, суды тиімді пайдалану, электр пештерді үнемді қолдану, тұрмыстық бөлмелерде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау , бөлмелерді таза ұстау бойынша сұрақтар қарастырылды. Колледж жатақханасында тұратын студенттер үшін жатақхана ішкі тәртібіне қатысты әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды алдын алу жөнінде профилактикалық жұмыстар жүргізілді.