Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ СПОРТ СҮЙЕР ҰСТАЗДАРЫ» ІХ ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР

 

18-19 сәуір аралығында өткізілген «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ СПОРТ СҮЙЕР ҰСТАЗДАРЫ» атты білім мекемелері мен ұйымдары арасындағы ІХ облыстық спартакиадада Құлан агротехникалық жоғары колледждің кәсіподақ мүшелері жоғары ұжымдық жұмыс көрсетіп, жалпы командалық есепте 2 орынға ие болды.

Қазақстан кесiподақтарының кyрылғанына 120 жыл, КР Кәсiподақтары Федерациясының құрылғанына 35 жыл және Жұмысшы мамандықтары жылына орай Жамбыл облысы білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының «Біріккен комитеті» филиалыңын ұйымдастыруымен өткізілген жарысқа колледждің 28 педагогі қатысып, айтарлықтай нәтиже көрсетті:

1 орын – волейбол жарысынан ерлер командасы (Н.Нурманов, С.Тайжанов,

А.Молдакулов, А.Катеков, Е.Ержанов, Ж.Артыкбай, Қ.Бултанкулов),

1 орын – ерлер эстафетасы (Қ.Бұлтанқұлов, Ғ.Өмірбеков, Ж.Дәулетов,

Е.Ержанов),

1 орын – үстел теннисі, ерлер (Ж.Артықбаев),

1 орын – 100 м жүгіру, ерлер (Қ.Бұлтанқұлов).

2 орын – 60 м жүгіру, қыздар (Г.Абсалимова),

2 орын – кір тасын көтеру 90 кг дейін салмақта (А.Молдақұлов),

2 орын – кір тасын көтеру 90 кг жоғары салмақта (К.Бекназаров),

2 орын – кіші футболдан ерлер командасы (Т.Баймуратов, А.Әбди, Т.Колбаев,

Т.Қысық, Ж.Даулетов, Е.Тенізбаев)

3 орын – бильярд, ерлер (Е.Алибаев)

3 орын – қыздар эстафетасы (А.Болатханова, А.Шайлаева, Г.Абсалимова,

Ж.Жексенбиева)

Колледждің құрама командасын облыстық спартакиададағы керемет нәтижемен құттықтап, республикалық кезеңге жолдама алған үздіктерге сәттілік тілейміз!