Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

«ҮЗДІК ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ - 2025» конкурсының жүлдегері атанды

 

Құлан агротехникалық жоғары колледжінің «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының өндірістік оқыту шебері Рахманова Гүлмайра Майконовна техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «ҮЗДІК ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ - 2025» кәсіби шеберлік конкурсына қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді. Гүлмайра Майконовнаны жеңісімен құттықтап, кәсіби шеберлігіңіз шыңдала берсін деп тілек білдіреміз