Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

ЖАМБЫЛДЫҚ 6 СТУДЕНТ «ҮЗДІК 100 СТУДЕНТ» БАЙҚАУЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

 

Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен бүгін «Қазақстан Республикасының колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл байқау республиканың түпкір-түпкірінен колледждердің ең үздік, ең талантты, ең дарынды студенттердің басын қосты.

Салтанатты шараға Оқу-ағарту министрі, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, бизнес қауымдастықтардың өкілдері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері, педагогтер мен ардагерлер қатысты.

Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру саласы еліміздің білім беру экожүйесінде стратегиялық маңызға ие. Бұл жөнінде салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Ғани Бейсембаев атап өтті. Министр үздік 100 студентті болашақтың құрылысшылары ретінде елге таныстыру, олардың есімдерін кеңінен дәріптеу, жастарға үлгі ету қажеттігін айтып, бұл бағытта жауапты құрылымдық бөлімшелерге нақты тапсырмалар жүктеді.

🏆Жамбыл облысынан аталған байқауда 6 студент жеңімпаз атанды.

Олар:

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі:

- Жұмасил Нұрсұлтан Ерасылұлы,

- Шолпан Садатқызы

Тараз инновациялық көпсалалы колледжі:

- Өсер Едіге Өсерұлы

- Байдаулетова Меруерт

Құлан агротехникалық жоғары колледжі:

- Камидулла Ернар Эльдарұлы

Парасат Тараз жоғары колледжі:

- Амангелді Жансерік Аманханұлы

Дарынды жастарды жеңістерімен құттықтаймыз!