Демонстрациялық емтихан 2023
Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 2023 жылдың 15-16 маусым күндері 4 курс бітіруші топ студенттері "Ветеринарлық техник" және "Агроном" құзыреттіліктері бойынша қорытынды аттестацияны Демонстрациялық емтихан түрінде тапсырды. "Ветеринарлық техник" құзыреттілігі бойынша 17 студент ауыл шаруашылығы малы мен құстарды клиникалық тексеру, жануарларға дәрі-дәрмек енгізу, мал терісіне хирургиялық тігіс салу тақырыбында іс-тәжірибе жүзінде көрсетсе, ал "Агроном" құзыреттілігі бойынша 7 студент жеміс ағаштарын телу, тұқымнан орташа үлгі алу және тазалығын анықтау және топырақ қышқылдылығын анықтау модульдерінен практикалық дайындықтарын сынға салды. Емтихан барысын колледждің әлеуметтік серіктестерінен құрылған сарапшы топ бағалады.
Демонстрациялық емтихан 2024
ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ ЕМТИХАН ӨТКІЗІЛДІ
Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Ветеринария», «Агрономия», «Сүт және сүт өнімдерін өндіру» мамандығының студенттері қорытынды мемлекеттік аттестаттауды WorldSkills кәсіби стандарттарына сәйкес демонстрациялық емтихан форматында тапсырды. Студенттердің орындаған жұмыстары CIS бағалау жүйесі арқылы бағаланды.