Құлан агротехникалық жоғары колледжінің ветеринарлық пәндер оқытушылары Копбаева Айсұлу және Қысық Тілек 8 сәуір күні Жетісу облысының Талдықорған аграрлық-технологиялық колледжінде өткізілген Ветеринария саласына мамандар даярлау бойынша халықаралық тәжірибелік алаңға қатысты.
Ветеринария саласына мамандар даярлау бойынша мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу, тарату мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада колледж ұстаздары арнайы пәндер бойынша оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету мәселесі бойынша өздерінің тәжірибесін таратты.