СТУДЕНТТЕР ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
6 мамыр күні Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында дәстүрлі студенттердің «Мамандығым - кәсібім» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Студенттердің ғылыми-ізденушілік қабілеттерін дамыта отырып, кәсіби білімдерін жетілдіру, жетістіктерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға 9 жұмыс ұсынылды. Іс-шара нәтижесі бойынша үздік деп танылған жобалар дипломдармен марапатталды, барлық қатысушыларға алғыс хаттар тапсырылды.
Ғылыми-тәжірибелік конференциясы студенттердің рухани-адамгершілік қабілеттерін дамыту, ғылыми-ізденушілік мәдениеттерін қалыптастыру, ізденушілік белсенділіктерін ынталандыру міндетін жүзеге асырды.