ЖАСТАРМЕН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ
Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Т.Рысқұлов аудандық Жастар ресурстық орталығының қызметкерлерінің қатысуымен "Жастармен – жарқын болашақ" тақырыбында ашық сұхбат өтті. Іс-шараның мақсаты – жастарға мотивациялық кеңес беру, болашаққа бағыт-бағдар сілтеу және азаматтық белсенділікті арттыру. Кездесу барысында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар мен өмірлік тәжірибеге негізделген кеңестер алды. Жылы әрі еркін форматта өткен сұхбат жастарға шабыт сыйлап, болашаққа деген сенімдерін нығайтты.





