Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА QUEST ОЙЫНЫ ӨТТІ

ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА QUEST ОЙЫНЫ ӨТТІ

Бүгін Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Т.Рысқұлов ауданының білім бөліміне қарасты мектеп оқушылары арасында «МАМАНДЫҚТАР ӘЛЕМІ» атты кәсіби бағдар беруге арналған QUEST ойыны өтті. Шараға Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектеп, Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп, Құлан мектеп-гимназиясы, №6 мектеп-гимназиясы, Юрий Гагарин атындағы негізгі мектеп және №1 мектеп-лицей командалары қатысты.

Қатысушылар бес станция бойынша тапсырмалар орындап, өздерінің білімін, шығармашылық ойлауын және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті. Олар «Төрт түлік қамқоршысы», «Жер, тіршілік, өнім», «Энергия тіршілігі», «Сән әлемі» және «Креативті мәзір» бағыттары бойынша бақ сынады.

Шара қорытындысында командалар «Креативті шешім», «Жаңашыл көзқарас», «Ең үздік команда», «Инженерлік ойлау шебері», «Агроинновация басшысы» және «Ветеринария дағдылары үшін» номинацияларымен марапатталды.

Іс-шара оқушылардың мамандықтар әлемін тереңірек танып, болашақ кәсіби бағытын анықтауға мүмкіндік берді.