ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА Қайырымдылық – адамгершіліктің, ізгіліктің жарқын көрінісі.
Құлан агротехникалық жоғары колледжінде ветеринарлық пәндер оқытушысы А.Т. Көпбаеваның ұйымдастыруымен «Жақсылық жаса» тақырыбында қайырымдылық іс-шарасы өтті. Іс-шара аясында әлеуметтік санатқа жататын, көмекке мұқтаж студенттерге азық-түлік түрінде көмек берілді.
Колледж ұжымы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, көпбалалы жанұяларға үнемі қолдау көрсетіп келеді. Мұндай қайырымды істер жастардың бойында мейірімділік, жанашырлық, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастырады.
Көмек алған ата-аналар мен студенттер шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, ізгі істердің жалғасын табуына тілектестігін жеткізді.





