Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕНІ НЫҒАЙТУҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕНІ НЫҒАЙТУҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА Құлан агротехникалық жоғары колледжінде тәрбие бөлімінің мамандары ішкі істер бөлімінде және колледжішілік есепте тұрған студенттермен профилактикалық сипаттағы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталған іс-шараның мақсаты – жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және құқықтық тәртіпке баулу болып табылады.

Түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында студенттерге әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы мағлұмат беріп, нақты мысалдар арқылы құқық бұзушылықтың салдары мен зиянын түсіндірді. Сонымен қатар білім алушыларды оқу ордасындағы ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, заңға бағынуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.