КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ «TEMIRSKILLS-2025» КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен колледж студенттері арасында өткізілген «TEMIRSKILLS-2025» облыстық кәсіби шеберлік байқауында Құлан агротехникалық жоғары колледжінің «Дәнекерлеу ісі» мамандығының студенті Пивнев Дмитрий 3 орын жеңімпазы атанды.
Колледж студенті Пивнев Дмитрий мен оның жетекшісі Сраилов Дәурен Бірлікұлын жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.





