Бүгін аудан басшысы Ернар Есіркепов Құлан жоғарғы агротехникалық колледжінің студенттерімен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлан Тоқтасынұлымен бірлескен кездесу өткізді.
Қазіргі таңда колледжде 12 мамандық бойынша 731 студент білім алуда. Тек өңірімізден ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастарды қабылдап отырған бұл білім ордасы облыстағы іргелі оқу орындарының бірі екендігін атап өткен жөн.
Біліммен қатар тәрбие беру – басты міндет. Осы бағытта аудан басшысы студенттермен ашық форматта жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, жастар арасында пайдалы бастамалар мен бұқаралық іс-шараларды көбейту туралы пікір алмасып, ұсыныс-тілектерді талқылады.





