Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

«ЖАС ШЕБЕР-2025» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

 

Жамбыл облысы іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен, Жұмысшы мамандықтар жылы аясында студенттер арасында, Ұлттық киімдер күніне орай өткізілген «ЖАС ШЕБЕР-2025» облыстық кәсіби байқауында Құлан агротехникалық жоғары колледжінің «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының студенті Шадыхан Әлия «Ең үздік балалардың ұлттық киімі» номинациясы бойынша 2 жүлделі орынға ие болды.

Сондай-ақ байқауға қатысқан студенттер Төрехан Ұлболсын, Жарылқасын Айгерім және оларға жетекшілік жасаған өндірістік оқыту шебері Рахманова Майра Майконовна Алғыс хаттармен марапатталды.

Жаңа идеялар мен өнертапқыштыққа баулыған байқау барысында колледж студенттері өздерінің тігін саласындағы шеберліктерін көрсетіп, ұлттық киімдерді заманауи стильмен үйлестіре білетіндіктерін көрсетті. Жас шеберлерімізге алдағы уақытта үлкен жетістіктер тілейміз!