Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс
ЖАС МАМАНДАР - ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ҚЫРАНЫ  

ЖАС МАМАНДАР - ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ҚЫРАНЫ  

ЖАС МАМАНДАР - ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ҚЫРАНЫ  

        Құлан агротехникалық жоғары колледжінде  29 маусым күні биылғы оқу жылының  бітіруші түлектеріне  арналған «Жас мамандар - тәуелсіз ел қыраны» атты диплом табыстау шарасы өтті. Диплом тапсыру салтанатына әлеуметтік серіктестер,  колледж оқытушылары,  ата аналар қатысып, 137  түлекке диплом тапсырылды.  Оның 15-і үздік диплом иегері атанды. Колледж  қабырғасында оқи жүріп, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан, білімді де назардан тыс қалдырмаған студенттерге  колледж әкімшілігі тарапапынан алғыс хаттар табыс етілді.  Дипломдарды табыстау салтанатты рәсімінің қорытынды бөлімінде  колледж түлектері 4 жыл білім нәрімен сусындатқан  оқытушыларына өздеріне берген  білімдері мен кәсіби дағдылары үшін  ризашылықтарын білдірді.

        Өмірге жолдама алып, жас маман атанып  ұядан ұшқан  түлектерге, қойылған мақсаттарға қол жеткізуде табанды болуға тілек білдіріп,  Жаңа Қазақстанның  өсіп өркендеуіне, ауылшаруашылығы саласының дамуына лайықты үлес қосатынына үміт артамыз. Колледж  ұжымы өз түлектеріне табыс тілейді. Ақ жол!