Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс
Тарихтан тағылым – өткенге тағзым

Тарихтан тағылым – өткенге тағзым

Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 31 мамыр қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Өзекті өртер шындық» тақырыбында топ сағаттары өткізіліп, білім алушыларға «Тарихтан тағылым- өткенге тағзым» тақырыбында лекция оқылды. Жыл сайын аталып өтетінін бұл қаралы датаға арналған іс-шаралар барысында еліміздің тарихындағы қасіретті кезеңде қуғынға ұшыраған ата бабаларымыздың басынан өткізген қайғы қасіреттері, сталиндік-голощекиндік реформа салдарынан туындаған ашаршылық, солақай саясаттың құрбаны болған алаш зиялыларының өмір жолы және еңбектері туралы айтылып, Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерлерінің тарихына шолу жасалынды.