Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс
«ШӘУШЕН» ШҚ – КОЛЛЕДЖДІҢ СЕНІМДІ СЕРІКТЕСІ

«ШӘУШЕН» ШҚ – КОЛЛЕДЖДІҢ СЕНІМДІ СЕРІКТЕСІ

«ШӘУШЕН» ШҚ – КОЛЛЕДЖДІҢ СЕНІМДІ СЕРІКТЕСІ

         «Шәушен» шаруа қожалығы – Тұрар Рысқұлов ауданындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ең ірі шаруа қожалықтарының бірі. Шаруашылықтың негізін қалаушы Қазақстанның Еңбек Ері Сайрамбай Дөненбаев -  өзінің туып өскен Жарлысу жерінің көркейуіне үлкен үлес қосқан азамат. Бүгінгі күні, бұл қожалықты  Қодасова Балжан  басқарып отыр.

           Қазіргі  таңда «Шәушен» шаруа қожалығы Құлан агротехникалық жоғары колледжінің сенімді әлеуметтік серіктесі. Қожалық базасында 3 жыл ішінде дуалды оқыту жүйесі бойынша 103 студентке 120-140  мың теңге көлемінде қаржылай демеушілік көрсетілді. Олардың ішінде 13 колледж түлегі жұмыспен қамтылды. «Атаулы шәкіртақы» жобасы аясында озат студенттерді ынталандыру мақсатында 1 млн жуық қаражат табысталды.

          Б.Қодасова оқу орнының индустриалдық кеңесінің мүшесі ретінде оқу жұмыс бағдарламаларын әзірлеуге, қорытынды аттастаттауды өткізуге, материалдық – техникалық базаны қалыптастыруға кеңестер беріп, колледж имиджін жоғарылатуға үлес қосады.

          2022 жылдың наурыз айынан бастап үш жақты меморандум негізінде «Шәушен» шаруа қожалығы колледжді шефтік басқаруды жүзеге асыруда. Шаруа қожалығы тарапынан колледждің жер учаскесіне мақсатында пайдалануға егістік материал,  оқу шаруашылығындағы ірі қара және ұсақ малдарды жем-шөппен қамтамасыз етуде көмек үнемі беріледі.

           2022 жылы дуальдік оқыту жүйесі бойынша «Шәушен» ШҚ тәжірибеден өткен  Ветеринария мамандығың  екі  түлегін,  Жолдыбай Даниэль мен Мырқасым Айдынды, кәсіби құзыреттіліктерді жоғары дәрежеде игерді деп бағалап, шаруа қожалығы жұмысқа қабылдады.