Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

НАУРЫЗ – МЕЙІРІМ МЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

НАУРЫЗ – МЕЙІРІМ МЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

Бүгін наурызнама бойынша қайырымдылық күні. Сондай-ақ мейірімділік пен татулық насихатталатын күн.

Құлан агротехникалық жоғары колледжінің ұжымы мен студенттері «Қайырымдылық» күніне орай, ұлтымыздың дархан мінезін, қонақжайлылығын көрсету және көп балалы отбасындағы тәрбиеленіп жатқан студенттердің отбасыларына жақсылық жасау мақсатында «Жақсылық жасауға асығайық» тақырыбында қайырымдылық акциясын өткізді. Дана халқымыздың «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген сөзі бекер айтылмаса керек. Қайырымдылық жасау - әрбірі азаматтың міндеті, сондықтан да мұндай игі шара колледж ұжымында жалғасын табады.