МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР –ТҰТАСТЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ
Құлан агротехникалық жоғары колледжінің кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерінің 30 жылдығына орай «Мемлекеттік Рәміздер –тұтастықтың белгісі» тақырыбында танымдық сағат өтті. Мемлекеттік нышандарға арналған іс-шараның мақсаты жастарға Мемлекеттік құндылықтарымыз туралы мәлімет беру, Рәміздерді құрметтеуге, қастерлеуге дағдылау. Танымдық сағат барысында Мемлекеттік Рәміздеріміздің шығу тарихы, Рәміздер туралы Заң және Рәміздерге енгізілген өзгертулер туралы мәліметтер берілді, «Мемлекеттік Рәміздер –елдігіміздің негізі» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасалды және Отан туралы мақал-мәтелдер айтылып оқырмандардың дүниетанымы кеңейді.