МАГНИТТІК КОЛЛЕДЖДЕРМЕН ТӘЖІРІИБЕ АЛМАСУ
28 ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы мен Құлан агротехникалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Бәсекеге қабілетті түлекті дамыту жүйесіндегі педагогикалық қызметтің шығармашылық нысандары мен әдістері» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өткізілді.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік, ақпараттық жұмыстарды тиімді жүргізу, оқу процесінде педагогтер мен студенттердің кәсіби қызметтерін арттыру мақсатында өткізілген семинарға 11 магниттік колледждердің 28 өкілдері қатысты.
Тәжірибе алмасу семинарында цифрлық трансформация жағдайында педагогтің заманауи құзыреттерін қалыптастыру, білім беру үрдісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету әдістерін игеру, тәжірибелік жұмыстар іс-қимылдарының бірізділігін құрастыру және бағалауды оқыту нәтижесіне негіздеу міндеттері жүзеге асырылды.