Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

 

4 сәуір күні Жамбыл облысының Құлан агротехникалық жоғары колледжінде ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі маңызды қадам ретінде халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның негізгі мақсаты – аграрлық ғылым мен кәсіптік білімнің сабақтастығын нығайту арқылы еліміздің аграрлық секторын одан әрі дамыту.

Іс-шара аясында оқу орнында балық және көкөніс өсіруге арналған жаңа акважылыжай салынғаны, колледждің ардагер ұстазы, ветеринария ғылымдарының кандидаты Орынбаев Бармақ Орынбайұлы атындағы кабинет пен ғасырлық тарихы бар мұражайдың ашылуы өткізілді. Бұл нысандар ауыл шаруашылығында заманауи технологиялар мен тарихи мұраны біріктіріп, практикалық білімнің маңыздылығын көрсетеді.

Конференцияда Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның жетекші аграрлық оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері өздерінің ғылыми ізденістері мен тәжірибелерімен бөлісті. Ұйымдастырушылар білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында бірқатар келісім-шарттарға қол қойды, бұл болашақта кәсіби білім берудің сапасын арттыруға септігін тигізеді.

Осы маңызды шараға 150-ге жуық қатысушы, соның ішінде ғылыми қызметкерлер, шетелдік колледж өкілдері, педагогтер мен ардагер ұстаздар қатысты. Конференция нәтижесінде аграрлық саланың даму жолдары айқындалып, заманауи білім беру мен ғылымның интеграциясының маңызы артты.