ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ
Құлан агротехникалық жоғары колледжінде құқық қорғау органдарының өкілдерімен студенттердің кездесуі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң алдындағы жауапкершілік туралы түсінік беру болды.
Кездесу барысында құқық қорғау қызметкерлері құқық бұзушылық ұғымы, оның түрлері, салдары және жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігі жайлы кеңінен айтып өтті. Әсіресе, кәмелетке толмағандардың құқықтық мәртебесі, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік мәселелері нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.
Студенттер кездесуге белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтар қойды. Жиын пікірталас түрінде өтті, жастар өз ойларын еркін жеткізіп, құқық қорғау өкілдерімен ашық сұхбаттасты. Іс-шара білім алушылардың заңға деген көзқарасын қалыптастыруға, құқықтық мәдениетін көтеруге үлкен ықпал етті.





