ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТІЛДЕРІ КҮНІ
Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Қазақстан халықтарының тілдері күніне орайластырып студенттер арасында «Мемлекеттік тілдің бүгіні мен ертеңі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында студенттер Қазақстандағы өзге ұлт өкілдеріне деген құрмет, олардың құқықтары, Т. Рысқұлов аудандағы этнос орталығының қызметі, Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру туралы мәселелер талқыланып қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, дәуірдің дара тұлғасы Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерімен танысып, өлеңдері оқылды.