ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫН ТҰТЫНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ
Есірткі мен нашақорлыққа қарсы алдын алу шараларын жүргізу, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыру — еліміздің болашағы саналатын жас ұрпақты зиянды әдеттерден сақтауда қоғам болып бірлесіп атқаруға тиісті маңызды мәселе.
2025 жылдың 19 қарашасында Құлан агротехникалық жоғары колледжінде жасөспірімдердің зиянды заттардан аулақ болуын мақсат еткен «Есірткі заттарын тұтынудың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмысы өткізілді.
Шара барысында қатысушыларға спирттік ішімдіктердің, есірткі мен психобелсенді заттардың (ПБЗ) адам ағзасына тигізетін зияны, олардың тәуелділік тудыру қаупі, нашақорлықтың салдары мен асқынулары, алдын алу жолдары, сондай-ақ статистикалық деректер негізінде нашақорлықтың таралуы жөнінде мәліметтер берілді. Есірткіге үйренудің жеңіл әрі тез болатындығы, ал одан арылудың өте күрделі және ұзақ процесс екендігі айтылды.
Бұл түсіндірме жұмысы жастардың есірткі туралы білімін кеңейтіп, олардың дұрыс таңдау жасауына және салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етті.





