ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
2022 жылдың 16 тамыз күні Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР» техникалық және кәсіптік білім беру педагогтеріне арналған Республикалық тамыз конференциясының практикалық бөлімі өткізілді. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Оспанова Насымжан Жамбекқызы, «Talap» КЕАҚ президентінің м. а. Татибеков Санжар Меирханович басқарған топ колледж базасымен, «Жас маман» жобасы аясында алынған техника және құралдардың жұмысымен танысып, оқу орнының дамуына оң бағасын беріп, өңірдің экономикасына қажетті мамандар даярлауда сәттілік тіледі.