БУЛЛИНГ: ӘДЕПСІЗДІК ПЕ, ӘЛДЕ ӘДЕТ ПЕ?
2025 жылдың 21 қарашасында Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Буллинг: әдепсіздік пе, әлде әдет пе?» тақырыбында кеңес беру сағаты өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында жиі кездесетін буллинг пен кибербуллинг мәселелері туралы ақпарат беру, олардың алдын алу жолдарын түсіндіру және қиын жағдайда қалған жасөспірімдерге қолдау көрсету жолдарын көрсету.
Кеңес беру сағатында куратор Г.Ж. Қойшыманова буллингтің қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі екеніне тоқталды. Ол буллингтің жасөспірімдерге физикалық, психологиялық және әлеуметтік жағынан кері әсер ететінін атап өтті. Сонымен қатар, буллингтің алдын алу – тек оқу орнының ғана емес, ата-аналар мен бүкіл қоғамның ортақ міндеті екені ерекше айтылды.
Шара барысында буллинг пен кибербуллинг ұғымдары түсіндіріліп, нақты мысалдар келтірілді. Студенттерге мейірімділік таныту, өзара сыйластық пен түсіністікке негізделген қарым-қатынас орнату қажеттігі жөнінде кеңестер берілді.
Бұл кездесу жастардың өзара қарым-қатынасын жақсартуға, буллингтің алдын алуға және салауатты психологиялық орта қалыптастыруға бағытталған маңызды шара болды.





