АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 1 курс студенттерінің ата-аналарымен «Жасөспірім және ата-ана» тақырыбында жиналыс өткізілді. Іс-шараның мақсаты ата-ананың баласы жайлы көбірек білуіне, қазіргі заман талабына сай көзқарас қалыптасуына ықпал ету. Колледж директоры жасөспірімнің бүгінгі істеген қадамы оның ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өтіп, ата-аналарды бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Колледж әкімшілігі мен топ жетекшілері қатысушыларға оқу орнының ішкі тәртіп ережесімен таныстырып, білім мекемесінің аумағына әкелуге тыйым салынған заттар, құқық бұзушылықтың алдын алу, түнгі уақытта кәмелеттік жасқа толмаған студенттердің заңды өкілінсіз жүрмеуі, ойын сауық, мейрамханаларда, кафелерде жұмыс істемеуі туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.