Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

АЙНАЛАҢМЕН ТАТУ ӨМІР СҮР

АЙНАЛАҢМЕН ТАТУ ӨМІР СҮР

Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Айналаңмен тату өмір сүр» атты тәрбиелік тренинг өткізілді. Шараның мақсаты – студенттерді өзара түсіністікке, сыйластыққа тәрбиелеу, буллингтің алдын алу және ашық қарым-қатынасқа баулу болды.

Іс-шарада ойындар, пікірталастар мен топтық тапсырмалар ұйымдастырылып, қатысушылар бір-бірін жақынырақ танып, өз ойларын ашық білдіре алды. Тренинг барысында эмпатия, кешірімділік, қолдау көрсету секілді маңызды құндылықтарға баса назар аударылды.

Студенттер мұндай шаралардың ұжымда жағымды атмосфера қалыптастыруға әсер ететінін айтып, достық пен татулықтың маңызын ерекше атап өтті. Тренинг жастардың бойында өзара сыйластық пен түсіністік орнатуға ықпал еткен тиімді тәжірибе болды.