Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2025 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАУЫН АЛДЫ

WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2025 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАУЫН АЛДЫ

3-9 желтоқсан аралығында Астана қаласында еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту, жұмысшы мамандықтардың беделін көтеру және кадрлар даярлау сапасын жетілдіру мақсатында WorldSkills Kazakhstan-2025 кәсіби шеберлік X мерейтойлық республикалық чемпионаты өтеді

Чемпионатта еліміздің барлық өңірінен келген 825 қатысушы және 719 сарапшы бақ сынайды. Сайыстар экономиканың негізгі бағыттарын қамтитын өндіріс, инженерия, ақпараттық технология, сервис, құрылыс, әлеуметтік қызмет және креативті индустрия сияқты 45 құзыреттілік бойынша өткізіледі.

Биыл тұңғыш рет бұл додаға ветеринария құзыреттілігі бойынша студенттер қатысуда. Соның ішінде Құлан агротехникалық жоғары колледжінің студенті Елеусін Бақдәулет те бағын сынайды.

Бақдәулет, додада батыл болып, өз қабілетіңді жарқырата көрсет. Ізгі тілегіміз – сенің жеңісің мен жарқын жетістігің. Сәттілік жолдасың болсын!