SCAFFOLD КАРТАЛАРЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ТИІМДІ ОҚЫТУ
Құлан агротехникалық жоғары колледжінің педагогтері Г.К.Сабдраимова, Г.Ж. Қойшыманова және М.Мүсірәлі «Талап» КЕАҚ ұйымдастыруымен өткізілген «Scaffold құралдарын пайдаланып оқу сабақтарын жобалау» тақырыптарында біліктілікті арттыру курсынан өтіп, колледж педагогтерімен «Оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары - кәсіби білім сапасын арттыру көзі» тақырыбында курсаралық семинар өткізді.
Семинар барысында оқытушылар оқытуда қолдау көрсету, ынталандыру және дербестікке жетелеудің заманауи жолдарын талқылап, оны сабақ үдерісіне енгізу жолдарын ұсынды. Өздерінің практикалық әдістерін таныстырып, тиімді оқыту стратегиялары туралы пікір алмасты.





