Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫНДАҒЫ СЕМИНАР

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫНДАҒЫ СЕМИНАР

28 қараша 2025 жылы Құлан агротехникалық жоғары колледжінің агрономиялық пәндер оқытушысы Марат Ятаев «Алма бақтарының агротехникасы: заманауи тәсілдер» тақырыбында Қытай мемлекетінің Шэньси провинциясының Яньань кәсіптік колледжінің оқытушыларына онлайн форматта семинар өткізді. Семинар барысында М.Ятаев тәжірибесімен бөлісіп, ашық сұқбат орнатты.

Өз кезегінде Яньань кәсіптік колледжі, колледждің агрономия мамандығының педагогтерін тәжірибе алмасу мақсатында Яньань қаласындағы оқу орнымен танысуға шақырды.

Семинар нәтижесінде Яньань кәсіптік колледж оқытушыларына сертификаттар берілді.