Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ-

КӘСІБИ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ КӨЗІ

Құлан агротехникалық жоғары колледжінің педагогтері Ұ.Акишева мен Т.Баймұратов «Талап» КЕАҚ ұйымдастыруымен өткізілген «Scaffold құралдарын пайдаланып оқу сабақтарын жобалау» тақырыптарында біліктілікті арттыру курсынан өтіп, колледж педагогтерімен «Оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары - кәсіби білім сапасын арттыру көзі» тақырыбында курсаралық семинар өткізді.

Семинар барысында олар сабақ құрылымын жобалауда Scaffold құралдарын қолдану жолдарын көрсетіп, практикалық мысалдар арқылы оқытушылардың сабақ жоспарлау дағдыларын жетілдірді.