ЖАСТАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ!
Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» іс-шаралар бағдарламасы аясында «Мен – болашақ суретшісімін» тақырыбында плакаттар мен стикерлер байқауы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру, әділдік пен адалдық қағидаттарын насихаттау. Студенттер өз шығармашылық туындылары арқылы қоғамдағы жемқорлыққа деген теріс көзқарасын білдіріп, оны болдырмау жолдарын бейнеледі.
Адал қоғам – әр азаматтың саналы әрекетінен басталады деген ұстанымды алға тартқан жастар, суреттері арқылы әділеттілік пен тазалық идеясын дәріптеді. Байқау шығармашылық ойды дамытып қана қоймай, олардың әлеуметтік жауапкершілік сезімін оятуға бағытталды.
Бұл іс-шара – жас ұрпақтың бойында азаматтық ұстаным мен парасаттылық қағидаттарын нығайтуға арналған маңызды қ
адам.





