ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ
Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 19.09.2025 ж бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың,зорлық-зомбылықтың, буллинг және кибербуллингтің, алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында « Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге Т.Рысқұлов ауданды прокуратурасының прокуроры Сарымолда Данияр Урметұлы, Рысқұлов АПБ-нің ЖПҚб УПИ полиция майоры Сарсенқұлов Қанат, Т.Рысқұлов АПБ-нің ЖПҚб УПИ полиция лейтенанты Сламбек Ернар қатысты.
Жүргізілген профилактикалық әңгіме барысында «Заң және тәртіп» қағидатының берік ұстану, құқық бұзушылықтың салдары, зияны сонымен қатар жастар арасында қазіргі таңда өзекті мәселелер «Топтық төбелес», «Лудомания», әлімжеттік, бопсалау т.б. тақырыптары талқыланып түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нақты деректер келтіріп, олар үшін жауапкершілікке тарту және алдын-алу жолдары туралы түсіндіріліп, заң алдындағы міндеттері және теріс әрекеттердің салдары туралы толық ақпарат берілді.





