Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

ЖАС САЙЛАУШЫЛАР КЛУБЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

ЖАС САЙЛАУШЫЛАР КЛУБЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

13 қараша күні Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Жас сайлаушылар клубының алғашқы форумы өтті.

Жастардың саяси сауаттылығын арттырып, азаматтық белсенділігін дамыту мақсатында өткізілген іс-шарада Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан құрылған Жас сайлаушылар клубының жұмысы таныстырылды (төрағасы Е.Әлібаев), партияның жас өкілі А.Жайлау жастардың партия жұмысына қатысуы – олардың азаматтық ұстанымының көрсеткіші екенін, колледж оқытушысы М.Әбітбеков мүгедектігі бар жастардың саясаттағы белсенділігі – инклюзивті қоғам қалыптасуының айғағы екенін атап өтті.

Форум аясында М.Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйі өнерпаздары театрландырылған көрініс көрсетсе, колледждің Көңілді тапқырлар клубы мүшелері әсерлі қойылымын ұсынды, студенттер арасында сайлау тақырыбында сауалнама жүргізілді. Бұл шара – жастардың азаматтық көзқарасын қалыптастыру мен саяси белсенділігін арттыру жолындағы маңызды қадам болды.