Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕС - КОЛЛЕДЖ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАДЫ

ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕС - КОЛЛЕДЖ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАДЫ

Құлан агротехникалық жоғары колледжінің директоры Тұрарбек Шарипов,

Тұрар Рысқұлов ауданындағы «Шалқар» шаруа қожалығының басшысы Шалқар Төкеевпен кездесті.

Бұл кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласындағы жаңашыл бастамалар, жерді тиімді пайдалану, агротехнологияларды енгізу және жас мамандарды тәжірибеден өткізу мүмкіндіктері жайында пікір алмасу болды.

Колледж бен жергілікті шаруашылықтар арасындағы осындай байланыстар – студенттердің кәсіби дағдыларын жетілдіріп, ауыл экономикасын дамытуға зор үлес қосатыны сөзсіз.

Алдағы уақытта, өзара ынтымақтастық негізінде бірлескен жобалар жүзеге асырылады деп, сенім білдіреміз.