«ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫН ДАЙЫНДАЙТЫН ҮЗДІК КОЛЛЕДЖ - 2025» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
«Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман» тақырыбындағы ұстаздардың облыстық тамыз конференциясында білім беру ұйымдарының қызмет сапасы мен тиімділігін бағалау нәтижелері жарияланып, Құлан агротехникалық жоғары колледжі «Жұмысшы мамандығын дайындайтын үздік колледж - 2025» байқауының жеңімпазы атанды. Жамбыл облысының әкімі Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев білім мекемесін 500 000 теңге көлеміндегі сертификатпен марапаттады. Бұл марапат оқу орнының сапалы білім берудегі еңбегін мойындаудың, кәсіби ізденісін ынталандырудың жарқын көрінісі.
Колледждің педагогикалық ұжымы алдағы уақытта да жұмысшы мамандарын даярлау бағытындағы жүйелі жұмыстардың сапасын арттырады деп, сенім білдіреді.





