«ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА - 2025»
ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ
2025 жылдың 6 қараша күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен колледж педагогтері арасында өткізілген «Үздік авторлық бағдарлама-2025» облыстық байқауына Құлан агротехникалық жоғары колледжінің ағылшын тілі пәні оқытушысы Майтанова Венера Хиясовна қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді.
Венера Хиясовнаны жүлдесімен құттықтап, еңбегіне шығармашылық табыс тілейміз.





