ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ ҚАРУЫ
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау жұмыстардың негізінде 2025 жылдың 10 қарашасында Құлан агротехникалық жоғары колледжінде құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу өтті. Іс-шараға Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Д. Жанасов, осы бөлімнің инспекторы Ж. Егембердиев және аумақтық инспектор, полиция лейтенанты А.Нартай қатысты.
Студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған кездесу барысында тәртіп сақшылары аудан жастары арасындағы құқықбұзушылықтар жайлы айтып, 14 жастан бастап қылмыстық, 16 жастан бастап әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын түсіндірді. Сонымен қатар топтық төбелес, буллинг, кибербуллинг және алаяқтықтың алдын алу мәселелері қозғалды.
Шара соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, спикерлермен еркін пікір алмасты.





