ВЕТЕРИНАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Құлан агротехникалық жоғары колледжінің ветериарлық клиникасында құмай тазыға алғашқы ветеринарлық көмек көрсетілді. Колледжің арнайы пәндер оқытушылары Рашид Сарсенбиев, Еркебұлан Ертаев, Ернұр Тасжүреков және 3 курс Ветеринария мамандығының студенттері рентген аппараты арқылы иттің мойын бөлігін зерттеп, жұтқыншағы мен өңешінің зақымданғаны анықталды. Емдеу мақсатында жануарға шұғыл ота жасалды. Ота барысында өңештің қабынған жерлері өңделді, иттің иесіне отадан кейінгі күтіп-бағу ұсыныстары берілді.
Колледжің ветеринарлык клиникасының материалдық техникалық базасы және қызметкерлердің кәсіби біліктілігі жануар ауруын анықтап, емдеуді жүргізу талаптарына сәйкес келеді.





