Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

ТІЛ – ТІРЕГІМ, СОҒЫП ТҰРҒАН ЖҮРЕГІМ

ТІЛ – ТІРЕГІМ, СОҒЫП ТҰРҒАН ЖҮРЕГІМ

Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Тіл мерекесіне арналған «Тіл – тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты мерекелік кеш өтті.

Шара үш тілде жүргізіліп, студенттер тілге деген құрметін патриоттық әндер, ұлттық би және тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу арқылы көрсетті. Кеш барысында қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы А.Байтұрсыновтың өмірі мен еңбегі жайлы бейнеролик көрсетілді. Студенттер тіл туралы мақал-мәтелдер айтып, викториналық сұрақтарға жауап беріп білімдерін сынады. Сонымен қатар «Мемлекеттік тіл – ұлтымыздың бірлігі» және «Ахмет Байтұрсынов – халқының рухани көсемі» тақырыптарындағы кітап көрмесі таныстырылды.

Тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікке толы кеш жастардың тіл жанашыры екенін көрсетті.