ТАРИХПЕН ТЫНЫСТАҒАН ҚҰЛАН
Құлан агротехникалық жоғары колледжінің студенттері Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімімен бірлесіп, аудан көлеміндегі тарихи нысандарды таныстыру, жастар арасында тарихи-мәдени мұраны насихаттау және ішкі туризмді дамыту мақсатында «Тарихпен тыныстаған Құлан» атты туристік-танымдық экскурсияға барды.
Экскурсия барысында студенттер тарихи Құлан қалашығына, аудан аумағында орналасқан тарихи жәдігерлердің бірі — Дулат баба кесенесіне, Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Өрнек ауылынан оңтүстікке қарай 6 шақырым қашықтықта орналасқан таңғажайып тарихы бар Өрнек қалашығына, сондай-ақ Т.Рысқұлов ауданы Ақыртөбе ауылының құмды беткейінде, күре жолдың төменгі жағындағы құм жиегіне жақын орналасқан, халық арасында «Әулие Топағаш» деп аталып кеткен Топағаш жеріне барып қайтты.
Студенттер аңыз бен ақиқат астасқан тарихи орындардың тылсым сырларымен, ескі заманнан жеткен құпияларымен танысып, ұлттық мұрамыздың маңызын сезініп қайтты.





