Бүгін Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Студенттер күніне орай «Студенттік күндер – ай» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында білім мен белсенділікті ұштастырған жастарға арналған көңілді бағдарламалар ұсынылды. Сонымен қатар, колледжде өткізілген Студенттік Парламент сайлауының нәтижесі жарияланды. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша, 3 курс Ақпараттық жүйелер мамандығының студенті Разы Наурызбай Студенттік Парламенттің жаңа президенті болып сайланды. Бұл – студенттердің өзін-өзі басқарудағы белсенділігі мен көшбасшылыққа деген ұмтылысының айқын көрінісі.
Жаңа президентке сәттілік тілейміз!
Болашақ – белсенді жастардың қолында!





