СТУДЕНТТЕР МЕН ПЕДАГОГТЕР ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДИКТАНТҚА ҚАТЫСТЫ
14 қазан күні Құлан агротехникалық жоғары колледжінің студенттері мен педагог қызметкерлері AML Academy https://amlacademy.kz/finiq платформасында өткізілген қаржылық қауіпсіздігік бойынша республикалық диктантқа қатысты.
Азаматтарды ағарту және қаржылық қауіпсіздік туралы хабардарлығын арттыру арқылы алаяқтық схемасына тартудың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға оқу орнының 577 студенті және 62 педагог қызметкері онлайн-тестілеу форматында қатысты.





