Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

«ҰСТАЗ АТЫ МӘҢГІЛІК, ЖАДЫМДА ҚАЛАР ЖАҢҒЫРЫП»

«ҰСТАЗ АТЫ МӘҢГІЛІК,

ЖАДЫМДА ҚАЛАР ЖАҢҒЫРЫП»

Құлан агротехникалық жоғары колледжінде жыл сайын дәстүрге айналған Ұстаздар күні аталып өтті. Білім мен тәрбиенің шамшырағы болған ұстаздарды студенттер ыстық ықыласпен, ерекше құрметпен қарсы алып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Колледж студенттері ұстаздарға арнап «Ұстаз аты мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып» тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырды. Бұл кеш — ұлт болашағын тәрбиелеп жүрген ұлағатты жандарға деген шынайы алғыс пен құрметтің айғағы болды.

Салтанатты шара барысында білім беру саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беруде қажырлы еңбек еткен бірқатар ұстаздар Алғыс хаттарымен марапатталды.

Студенттер ұстаздарға деген ризашылықтарын әнмен, бимен, жүрекжарды жырларымен білдіріп, мерекелік концерт ұсынды. Кеш бойы шынайы ықылас пен құрметке толы жылы лебіздер айтылды.