РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК КОНКУРСЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ-ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТКІЗІЛДІ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы ауыл шаруашылығы саласы бойынша кәсіби шеберлік конкурсының республикалық кезеңінің ережесіне сәйкес Құлан агротехникалық жоғары колледжінің базасында конкурстың аймақтық-іріктеу кезеңі өткізілді.
Ереже талаптарына сәйкес, ветеринария және агрономия саласы бойынша, конкурстың республикалық кезеңінің қатысушылары анықталды. Әріптестерімізге сәттілік тілейміз!





