РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК КОНКУРСЫ БАСТАУЫН АЛДЫ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бекіткен ережесіне сәйкес Құлан агротехникалық жоғары колледжінің базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында ауыл шаруашылығы саласы бойынша Республикалық кәсіби шеберлік конкурсы басталды. 9-10 қазан аралығында өтетін конкурсқа Қазақстанның 12 облысы мен Алматы қаласының 15 колледжінен ветеринария және агрономия құзыреттіліктері бойынша 22 педагог қызметкері және 17 кампатриот қатысуда.
Республикадағы ауыл шаруашылығы секторын дамыту жағдайында ауыл шаруашылығы саласындағы ТжКОБ ұйымдарының неғұрлым талантты педагогтерін анықтау және қолдау мақсатын көздейтін конкурстың барысында қатысушы педагогтер 6 модульді қамтитын теориялық және практикалық тапсырмаларды орындауда.
Әділқазылар алқасы байқауға қатысушылардың кәсіби шеберлігін CIS жүйесі бойынша бағалауды жүргізуде.





