Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

«ОЙ ШЕБЕРІ» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

«ОЙ ШЕБЕРІ» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Құлан агротехникалық жоғары колледжінің студенттері арнайы пән оқытушысы Е.Ержановтың жетекшілігімен Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы ұйымдастырған «Әулиеата – кітап оқитын өңір» атты жобасы аясында өткізілген «Ой шебері» зияткерлік ойынына қатысты. Облысымыздың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында өткізілген додада колледжіміздің кітап сүйер жастары топ жарған студенттер қатарынан табылып, бағалы сыйлықпен марапатталды.

Студенттеріміз кітап оқуға деген сүйіспеншіліктерін жоғалтпай, жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыруда өз үлестерін қосады деп сенім білдіреміз