ОБЛЫСТЫҚ «STARTUP BOLASHAK»
БИЗНЕС-ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ
Құлан агротехникалық жоғары колледжінің студенттері Ильяс Әділет, Сейдалы Жамиля техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен облыстық «STARTUP BOLASHAK»
бизнес-жобалар байқауына қатысып, өздерінің бизнес-идеяларын ұсынды.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру, жастардың креативті және инновациялық идеяларын қолдау, еңбек нарығына бейімделген, экономикалық белсенді, өзін-өзі жұмыспен қамтуға қабілетті жас кәсіпкерлерді тәрбиелеу мақсатында өткен байқауда Ильяс Әділет (жетекшісі Т.Колбаев) жүлделі ІІІ орын жеңіп алса, Сейдалы Жамиля (жетекшісі А. Абишева) сертификат иеленді.
ОБЛАСТНОЙ КОНКУРС БИЗНЕС-ПРОЕКТОВ
«STARTUP BOLASHAK»





