Жұмысшы мамандықтар жылына орай өткізілген «Mamandyq fest» халықаралық байқауының аясында Құлан агротехникалық жоғары колледжі «Тал бесік» этно ауылында ұйымдастырылған көрмеге «Дала дарабоздары» атты көкөніс, жеміс жидек, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспозициясын ұсынды. Ауылшаруашылығы бағытында мамандар даярлайтын базалық колледжі көрмеде оқу орнының оқу шарыушылығында өндірілетін өнімдерді пайдаланды.





